«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 тамыздағы № 350 бұйрығы

 «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 тамыздағы № 350 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17553 болып тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында:

16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Мамандандырылған білім беру ұйымына оқуға түсуге баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілінен конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 ақпанынан бастап 15 сәуір аралығында жүргізіледі, қосымша мерзімдерді Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілейді.»;

1818-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«18. Конкурсқа қатысу үшін баланың ата-анасы немесе өзге де заңды өкілі белгіленген мерзімде мамандандырылған білім беру ұйымының интернет-ресурсында тіркеуден өтеді немесе мамандандырылған білім беру ұйымының жауапты адамына мынадай құжаттарды:

1) баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілінен өтініш;

2) ЖСН көрсете отырып, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесін;

3) баланың электрондық мекенжайын көрсете отырып, оқу орнынан ұйымның мөрімен расталған фотосуреті бар анықтама;

4) баланың 3х4 көлеміндегі 2 дана фотосуретін;

5) халықтың әлеуметтік осал топтарына жататынын растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.