«Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 7 маусымдағы № 28 бұйрығы

«Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 7 маусымдағы № 28 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19617 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларында:

10-тармақта:

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) тиісті салада (аяда) қолданылатын үлгілік нормалар мен нормативтердің негізінде айқындалған, олар болған жағдайда шикізат, материалдар, отын, энергия шығыстарының техникалық және технологиялық нормаларын, нормативтік техникалық ысыраптарды, персоналдың нормативтік санын қолдану.

Осы тармақшаның күші тарифтік реттеудің шығындық әдісінен тарифтік реттеудің ынталандыру әдісіне өткен жағдайда тарифті бекіту кезінде қолданылады.»;

10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«10) электр энергиясын беру, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) жабдықтау саласында реттеліп көрсетілетін қызметтер көрсететін субъектілер үшін тарифтік реттеудің ынталандырушы әдісі бойынша тарифті айқындау ерекшеліктерін көздейді.

Электр энергиясын беру, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) жабдықтау салаларында реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін субъектілерді тарифтік реттеудің ынталандырушы әдісін қолдана отырып тарифтерді қалыптастыру және бекіту осы Қағидалардың 2-тарауының 3-1-параграфына сәйкес жүзеге асырылады.»;

42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.