«Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің жіктелімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 24 қаңтардағы № 56 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 19 мамырдағы № 281 бұйрығы

«Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің жіктелімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 24 қаңтардағы № 56 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 19 мамырдағы № 281 бұйрығы

 

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1.«Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің жіктелімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 24 қаңтардағы № 56 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9176 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2014 жылғы 18 наурызда № 52 (28276) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің жіктеліміне:

19-тармақта:

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) жер жамылғысы мен су өткізу жүйесі бойынша:

су өткізгіш жыраларды көктемде қардан, ал жазда қоқыстарды пайдаға асыруға тиеу, шығару және беру арқылы жиналған қоқыспен балшықтан тазалау;

жиектердегі, иірімді учаскелердегі кептіргіш науаларды қазу және себу;

жиектерді жоспарлау, шөптермен себу;

шабу және шабылған шөптерді жинау;

шабылған материалдарды пайдаға асыруға тиеу, шығару және беру арқылы жер жамылғысының жиектері мен шеттеріндегі бұталарды қазып алу, ағаштарды, жабайы өсетін бұталарды тамырымен жұлу;

материалдар қоспастан жиектер мен себу бермдерін жоспарлау;

жеке учаскелердегі көлік құралдарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ететін себу арқылы жиектерді және бермдерді себу, кесу және жоспарлау;

иірім учаскелерді жою;

опырылған, мүжілген жерлерді және сең шығарындыларын тазалау;

жиектерді себу және бекіту;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.