(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРДІ БАҒАЛАУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША Қ...

Қазақстан Республикасының

Экология, геология және

табиғи ресурстар министрінің

2020 жылғы 2 маусымдағы

№ 130 бұйрығына

4-қосымша

 

Осы редакция 2023 жылғы 15 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021.20.08. № 337 бұйрығымен 4-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

 

«Қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды беру»

 мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

(2022.22.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022.22.06. № 231 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті (бұдан әрі - Комитет) және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен аумақтық бөлімшелер арасында функциялар мен өкілеттіктерді бөлу «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен аумақтық бөлімшелер арасында функциялар мен өкілеттіктерді бөлуді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 370 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 16 қыркүйекте № 24385 болып тіркелді) сәйкес жүзеге асырылады;

3. Қызмет жеке және (немесе) заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.