«Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 1 ақпандағы № 55 бұйрығы

«Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 1 ақпандағы № 55 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өрт қауіпсіздігі қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Өрт қауіпсіздігі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабы 1-тармағының 70-41) тармақшасына сәйкес әзірленген және адамдарды, мүлікті, қоғам мен мемлекетті өрттен қорғау мақсатында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Заңның 16 және 18-баптарының талаптарына сәйкес объектіде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды меншік нысанына қарамастан меншік иелері, ұйымдардың, кәсіпорындардың басшылары, жеке кәсіпкерлер, жеке тұлғалар, объектіні немесе үй-жайды иеленуге, пайдалануға немесе оған билік етуге құқығы бар адамдар (бұдан әрі – ұйым басшысы) қамтамасыз етеді.»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Заңның 16-бабының 2-тармағына және 18-бабының 2-тармағына сәйкес ұйымдардың басшылары өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өз бұйрығымен өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына (тұрақты, уақытша немесе орындалатын жұмыстарға (көрсетілетін қызметтерге) байланысты міндет жүктелген) жауапты адамдарды тағайындай алады.»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.