ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын азаматтық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің қызметкерлері антының мәтінін және ант беру тәртібін бекіту, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы
Осы редакция 2025 жылғы 23 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлері антының мәтіні;
2) Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері антының мәтіні;
3) Қазақстан Республикасы мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің қызметкерлері антының мәтіні;
4) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын азаматтық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің ант беру қағидалары бекітілсін.
2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.