«Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 26/қе бұйрығына 2-қосымша) (2024.19.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Қазақстан Республикасы

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының

2020 жылғы 20 сәуірдегі

№ 26/қе бұйрығына

2-қосымша

 

 

«Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру»

 мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

(2024.19.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)



1-тарау. Жалпы ережелер

 

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022.03.03. № 10/қе бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Осы Мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және «Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін анықтайды (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет).

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022.03.03. № 10/қе бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) мемлекеттік қызметті алушы Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына, сондай-ақ шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023.28.12. № 110/ҚЕ бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді (2024 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызметті алушының электронды цифрлық қолы (бұдан әрі - ЭЦҚ) арқылы расталған, электронды нысанда «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - веб-портал) арқылы:

жеке тұлға - осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.