Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының
2020 жылғы 20 сәуірдегі
№ 26/қе бұйрығына
2-қосымша
«Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру»
мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
(2026.05.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022.03.03. № 10/қе бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2026.19.05. № 32/қе бұйрығымен (2026 ж. 5 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Осы Мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және «Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін анықтайды (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет).
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022.03.03. № 10/қе бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) мемлекеттік қызметті алушы Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына, сондай-ақ шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023.28.12. № 110/ҚЕ бұйрығымен (2024 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.19.05. № 32/қе бұйрығымен (2026 ж. 5 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызметті алушының электронды цифрлық қолы (бұдан әрі - ЭЦҚ) арқылы расталған, электронды нысанда «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - веб-портал) арқылы: