Поездардың қозғалысы және темір жол көлігіндегі маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 291 бұйрығы
(2017.20.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2017 жылғы 14 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Темір жол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының заңының 14-бабы 2-тармағының 23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Поездардың қозғалысы және темір жол көлігіндегі маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Қилыбай Н.И.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.