«Авариялық броны бар тұтынушыларды энергиямен жабдықтау қағидалары мен талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 245 бұйрығы (2023.09.06. берілген өзгерістермен)

Авариялық броны бар тұтынушыларды энергиямен жабдықтау қағидалары мен талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 245 бұйрығы

(2023.09.06. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Энергетика министрінің 2023.22.05. № 184 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 9 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 21-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Авариялық броны бар тұтынушыларды энергиямен жабдықтау қағидалары мен талаптары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

Б.Сұлтанов

2015 жылғы «____»________

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі

Е.Досаев

2015 жылғы «____»________

 

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің

2015 жылғы 30 наурызда

№ 245 бұйрығымен

бекітілген

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.