«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 2 мамырдағы № 395 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 26 мамырдағы № 609 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 2 мамырдағы № 395 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32455 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Әскери полиция органы әскери бөлімде (мекемеде) әскери қызмет өткеру және жұмыс істеу ерекшелігін ескеріп, қауіпсіздік шараларын:
1) әскери қызметшілерге;