«Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2023 жылғы 17 шілдедегі № 281-НҚ бұйрығы

Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2023 жылғы 17 шілдедегі № 281-НҚ бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау, сауда комитеттері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) уәкілетті органда комитеттердің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістерді мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін оны қазақ және орыс тілдерінде электрондық нысанда «Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің қарамағындағы аумақтық органдар (бұдан әрі - аумақтық органдар) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) уәкілетті органда аумақтық органдардың құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министрдің міндетін атқарушы

А. Шакқалиев

 

Қазақстан Республикасы

Сауда және интеграция

министрінің міндетін атқарушының

2023 жылғы 17 шілдедегі

№ 281-НҚ бұйрығымен

бекітілген

 

 

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың

тізбесі

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.