«Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалану және оларды жөндеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 551 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 шілдедегі № 577 бұйрығы

 «Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалану және оларды жөндеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 551 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 шілдедегі № 577 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалану және оларды жөндеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 551 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11573 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалану және оларды жөндеу қағидаларында:

1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер»;

2-тармақ мынандай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

«4-1) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) - жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация саласын тұрақты дамытуды, ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам.»;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Азаматтық әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету техникалық қызмет көрсету бағдарламалары (регламенттері) (бұдан әрі - ТҚКР) бойынша жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету бағдарламасын (регламентін) уәкілетті ұйым бекітеді.»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.