«Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің «Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 22 қазандағы № 68 және «Сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссия туралы үлгілік ережені бекіту туралы» 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 372 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 5 шілдедегі № 229 бұйрығы

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің «Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 22 қазандағы № 68 және «Сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссия туралы үлгілік ережені бекіту туралы» 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 372 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 5 шілдедегі № 229 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 22 қазандағы № 68 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9890 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 18) тармақшасына сәйкес әзірленді.»;

4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Өнім беру жоспарына Қазақстан Республикасының ішкі нарығына тауар биржаларынан тыс және осындай биржалар арқылы өнім берушілер өткізуі міндетті болып табылатын сұйытылған мұнай газының көлемдері кіреді.

5. Өнім беру жоспарының шеңберінде тауар биржаларынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газын сатып алу құқығына:

1) газ толтыру станцияларының иелері;

2) топтық резервуарлық қондырғылардың иелері;

3) газ толтыру пункттерінің иелері;

4) автогаз құю станцияларының иелері;

5) мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін сұйытылған мұнай газын шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылар тізбесіне (бұдан әрі – тізбе) енгізілген өніркәсіптік тұтынушылар ие болады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.