«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 10 маусымдағы № 302-VIII Заңы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

 ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы

 

1-бап. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 453-бапта:

тақырып «дайындау,» деген сөзден кейін «басып шығару,» деген сөздермен толықтырылсын;

бірінші бөліктің бірінші абзацы «дайындау,» деген сөзден кейін «басып шығару,» деген сөздермен толықтырылсын;

төртінші бөліктің бірінші абзацы «дайындау,» деген сөзден кейін «басып шығару,» деген сөздермен толықтырылсын;

2) 504-бап мынадай мазмұндағы жетінші және сегізінші бөліктермен толықтырылсын:

«7. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші, бесінші, алтыншы бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер - қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

8. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер - бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;

3) 804-баптың бірінші бөлігінің 46) тармақшасындағы «436,» деген цифрлар «436, 462 (үшінші және төртінші бөліктері),» деген сөздермен ауыстырылсын;

1-баптың 4) тармақшасы 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

4) 889-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген жағдайларда қаулының, нұсқаманың орындалуын тоқтатады және әкімшілік жазадан босатады.».

2-бап. Осы Заң 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

         Президенті

 

       Қ. ТОҚАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2026 жылғы 10 маусым

           № 302-VIII ҚРЗ