Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 24 қарашадағы № 11-1-2/555 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 28 қарашадағы № 1100 бірлескен бұйрығы
(2026.10.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Сыртқы істер министрінің 2020.01.09. № 11-1-4/245 және ҚР Ішкі істер министрінің 2020.01.09. № 611 бірлескен бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрінің 2024.31.10. № 11-1-4/612 және ҚР Ішкі істер министрінің 2024.31.10. № 872 бірлескен бұйрығымен (2024 ж. 17 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 2026.05.02. № 11-1-4/71 және ҚР Ішкі істер министрінің 2026.06.02. № 72 бірлескен бұйрығымен (2026 ж. 10 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-1) тармақшасына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса берілген Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидалары бекітілсін.