Домендік аттардың әкімшісін және тіркеуішін айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 64 бұйрығы
ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 13 наурыздағы № 39/НҚ бұйрығымен күші жойылды
«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 56) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) Интернеттің қазақстандық сегментiнiң кеңістігінде домендік аттардың әкімшісі болып «Қазақстандық IT-компаниялар қауымдастығы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі;
2) Интернеттің қазақстандық сегментiнiң кеңістігінде домендік аттардың тіркеуішісі болып «Қазақ желілік ақпарат орталығы» мекемесі айқындалсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;