Банк конгломераттарына арналған пруденциялық нормативтерді, олардың шекті мәндері мен есеп айырысу әдістемелерін, сондай-ақ банк конгломераттары сақтауға міндетті қосымша пруденциялық нормативтер мен лимиттерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 16 сәуірдегі № 69 Қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 72-бабының 2 және 3-тармақтарына және «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Банк конгломераттарына арналған пруденциялық нормативтер, олардың шекті мәндері мен есеп айырысу әдістемелері;
2) Банк конгломераттары сақтауға міндетті қосымша пруденциялық нормативтер мен лимиттер бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысының және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі Басқармасының қаулысының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі Басқармасының қаулысының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.