Мемлекеттік мекемелерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарамағынан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қарамағына беру және оларды қайта атау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 26 қыркүйектегі № 789 Қаулысы
(2022.19.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік мекемелер заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарамағынан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қарамағына берілсін.
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік мекемелер қайта аталсын.
3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) республикалық мемлекеттік мекемелердің әділет органдарында қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.