«Жылжымалы құрам қызметінің мерзімін ұзарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 26 ақпандағы № 93 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 1 ақпандағы № 68 бұйрығы

«Жылжымалы құрам қызметінің мерзімін ұзарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 26 ақпандағы № 93 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 1 ақпандағы № 68 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жылжымалы құрам қызметінің мерзімін ұзарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 26 ақпандағы № 93 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6845 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жылжымалы құрамның қызмет мерзімін ұзарту қағидаларында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1) белгіленген қызмет ету мерзімі – пайдаланудың күнтізбелік ұзақтығы, оған жеткен кезде объектіні (бұйымды) пайдалану оның техникалық жай-күйіне қарамастан тоқтатылады;

2) вагонның деполық жөндеуі (бұдан әрі – ВДЖ) - құрамдас бөліктерінің шектелген номенклатурасын ауыстырып немесе қалпына келтіріп және құрамдас бөліктерінің техникалық жағдайын бақылап вагонның ақаусыздығын қалпына келтіру және вагонның ресурсын ішінара қалпына келтіру үшін орындалатын жөндеу;

3) диагностикалау ұйымы – заңнамада белгіленген тәртіппен жүк вагондарын техникалық диагностикалауды, зерттеп-қарауды және сынауды жүзеге асыратын заңды тұлға;

4) вагонның меншік иесі – меншік құқығында жылжымалы теміржол құрамына иелік ететін жеке және заңды тұлға;

5) жөндеу – бұйымдардың түзу жағдайын немесе жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіру жөніндегі техникалық операциялар кешені және ұйымдастыру іс-қимылдарын қалпына келтіру немесе обьектінің жұмыс істеу қабілетін және бұйымдардың немесе олардың құрамдас бөлшектерінің ресурстарын қалпына келтіру;

6) жөндеуші ұйым – жылжымалы теміржол құрамын жөндеумен айналысатын ұйым (бұдан әрі – жөндеуші ұйым);

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.