Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалану қызметі үшін біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 60 бұйрығы
(2026.20.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2026 ж. 2 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2022.28.01. № 8 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалану қызметі үшін біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі |
Е. Досаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ә. Исекешев
2015 жылғы 26 ақпан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов