«Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі жасасатын сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша еңбекпен табылмаған сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтері мөлшерінің Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 281-НҚ және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 2 қазандағы № 563 бірлескен бұйрығы

Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі жасасатын сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша еңбекпен табылмаған сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтері мөлшерінің Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 281-НҚ және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 2 қазандағы № 563 бірлескен бұйрығы

 

«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 10-6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттік жасасатын сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша еңбекпен табылмаған сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтері мөлшерінің Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны беру қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Активтер және корпоративтік басқару департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бірлескен бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына оны қазақ және орыс тілдерінде электрондық нысанда жіберуді;

2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.