«Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 629 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 22 қарашадағы № 1020 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 290 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 629 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14623 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 11 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Бюджеттiк мониторинг жүргізу нұсқаулығында:
мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
«11-1. Тиісті қаржы жылындағы түсімдер бойынша талдамалық есепте осы Нұсқаулыққа 2-1-қосымшаға сәйкес нысанда Қазақстан Ұлттық банкінің төлем құжаттары негізінде шетел валютасындағы шоттар бағдармалық сыртқы қарыз қаражатар бойынша деректер көрсетіледі.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Өңірлер бөлінісінде жыл басынан бастап республикалық және жергілікті (облыс бюджеті, аудан бюджеті) бюджеттер кірістерінің жоспарлы көрсеткіштерінің орындалмау себептерін талдау осы Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.»;
28-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар тоқсан сайын (І тоқсанның қорытындыларынан бастап) есепті тоқсаннан кейінгі 25-і күніне дейін және қаржы жылының қорытындылары бойынша - есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 25 ақпанынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне немесе тиісті жергілікті атқарушы органдарға осы Нұсқаулыққа 9-қосымшаға сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттердің шығыс бөлігінің атқарылуы туралы талдамалы есепті ұсынады.»;