«Ұлттық архив қорының құжаттарын басып шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 16 қарашадағы № 349 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 356 бұйрығы
«Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ұлттық архив қорының құжаттарын басып шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 16 қарашадағы № 349 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7342 болып тіркелген, 2012 жылғы 20 қазандағы № 689-693 (27765) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Ұлттық архив қорының құжаттарын басып шығару қағидаларында:
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«30. Әрбiр айқындалған құжатқа тақырыптық немесе атаулы карточка жасалады.