«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы акционері болып табылатын жоғары оқу орындарының басқарма төрағаларын - ректорларын іріктеу және сайлау (тағайындау) тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 24 сәуірдегі № 150 бұйрығы (күші жойылды)

Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы акционері болып табылатын жоғары оқу орындарының басқарма төрағаларын - ректорларын іріктеу және сайлау (тағайындау) тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 24 сәуірдегі № 150 бұйрығы

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2025 жылғы 12 наурыздағы № 78 бұйрығымен күші жойылды

 

«Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2023 жылғы 14 наурыздағы № 23-1350 (22-32-31.159)-1 тапсырмасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы акционері болып табылатын жоғары оқу орындарының басқарма төрағаларын-ректорларын іріктеу және сайлау (тағайындау) тәртібі бекітілсін.

2. Мыналар:

1) «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы - Ректоры лауазымына кандидатты айқындау жөніндегі республикалық комиссияның құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 2 қарашадағы № 361 бұйрығы;

2) «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының және «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағаларын - ректорларын іріктеу мен сайлау (тағайындау) тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 15 ақпандағы № 66 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрі

 

Е. Қарашөкеев

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2023 жылғы 24 сәуірдегі

№ 150 бұйрығына

қосымша

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.