«Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 95 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 12 қазандағы № 483-НҚ бұйрығы

 «Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 95 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 12 қазандағы № 483-НҚ бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 95 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20430 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидалары мен шарттары (бұдан әрі - Қағидалар) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қағидалардың 22-тармағының 2) тармақшасы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай редакцияда қолданылатындығы белгіленсін:

«2) анықталған объектілердің шекараларын аспаптық тіркеуді (фиксациялау) және оларды жергілікті жерге байланыстыруды қамтамасыз ету. Географиялық координаттарды анықтау QazTRF-23 (Qazaqstan Terrestrial Reference Frame 2023) мемлекеттік координаттар жүйесінде жаһандық навигациялық спутниктік жүйелерді (ЖНСЖ) пайдалана отырып жүзеге асырылады;».

 

 

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және ақпарат министрі

 

А. Кырыкбаев

 

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және ақпарат министрі

2026 жылғы 12 қазандағы

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.