Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрінің
2022 жылғы 20 шілдедегі
№ 2 бұйрығына 2-қосымша
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті
стандарты
(2025.23.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2025.04.03. № 90 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 23 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі - МЖМС) «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді (бұдан әрі - Ереже).
МЖМС меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі - ЖЖОКБҰ), оның ішінде әскери арнаулы оқу орындарында (бұдан әрі - ӘАОО) оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, білім мазмұнына, білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне, білім алушылардың даярлық деңгейіне және оқу мерзімі қойылатын талаптарды айқындайды.
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы білім беру ұйымдарында, білім беру мазмұны мен оқыту технологиясы ерекше мәртебеге сәйкес, оның ішінде мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде білім алушылар үшін дербес айқындалады.
2. МЖБС-да Заңға сәйкес ұғымдар қолданылады. Оларға қосымша мынадай ұғымдар енгізілген:
1) ӘАОО-дағы біліктілік сипаттамалары - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жүйесіндегі және тиісті лауазымдағы кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті білім, іскерлік және дағды;