«Қалдықтарды жинақтау лимиттері мен қалдықтарды көму лимиттерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 22 маусымдағы № 206 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026 жылғы 1 қазандағы № 249 бұйрығы

«Қалдықтарды жинақтау лимиттері мен қалдықтарды көму лимиттерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 22 маусымдағы № 206 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026 жылғы 1 қазандағы № 249 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің «Қалдықтарды жинақтау лимиттері мен қалдықтарды көму лимиттерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» 2021 жылғы 22 маусымдағы № 206 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тізілімінде № 23235 болып тіркелген болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қалдықтарды жинақтау лимиттері мен қалдықтарды көму лимиттерін есептеу әдістемесінде:

12-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«12. Қалдықтарды көму лимиттері өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша алынған әсер ету аймағындағы қоршаған орта компоненттерінің (атмосфералық ауа, жерүсті және жерасты сулары, топырақ) жай-күйі туралы деректер ескеріле отырып есептеледі.»;

15-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«15. Қалдықтарды көму объектісі орналасқан аудандағы (әсер ету аймағы шегінде) қоршаған орта компоненттерінің (атмосфералық ауа, жерүсті және жерасты сулары, топырақ) жай-күйі туралы деректер жүргізілетін өндірістік экологиялық бақылаудың нәтижелері бойынша келтіріледі.».

2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.