Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 және «Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 24 тамыздағы № 503 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 24 қаңтардағы № 29 Қаулысы
Осы редакция 2025 жылғы 21 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 20-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларында:
5-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тиiстi қаулы қабылданғаннан кейiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде (бұдан әрі - Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесі) айқындалған тәртiппен тиiстi қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзiледi.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: