(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 2007.21.07 № 306-III ҚР ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының
 Заңы
 
Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы
(2014.29.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2015 жылғы 29 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

 

Осы Заң ойыншықтар қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі талаптарды айқындау, белгілеу, қолдану, орындау және бақылау жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді.

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) қатерді бағалау - қауіп дәрежесін айқындауды қамтитын, ойыншықтардың адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға ықтимал әсерін анықтауға бағытталған шаралар кешені;

2) ойыншықтар - балалардың тек қана ойын мақсатында пайдалануына арналған бұйымдар;

3) ойыншықтарды Қазақстан Республикасының нарығында орналастыратын тұлға - ойыншықтарды Қазақстан Республикасының аумағында өткізетін немесе тегін тарататын жеке немесе заңды тұлға;

4) ойыншықты дұрыс пайдаланбау - ойыншықты дайындаушы көздемеген жағдайларда немесе мақсаттарда пайдалану;

5) ойыншықтың материалы - ойыншықтарды дайындау кезінде пайдаланылатын, олардың қолдану үшін қолжетімді құрамдас бөліктері;

6) пайдаланушы - ойыншықты тікелей пайдаланатын адам;

7) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8) тұтынушы - ойыншықтарды сатып алатын жеке немесе заңды тұлға;

9) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

10) функционалдық ойыншық - ересектер пайдаланатын бұйымдардың немесе құрылғылардың кішірейтілген ауқымдағы моделі болып табылатын, сол мақсатты және сол функцияларды орындауды имитациялайтын ойыншық;

11) химиялық ойыншық - ойнау процесі химиялық реакцияларды жүзеге асыруға байланысты ойыншық;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.