«Балқаш қалалық мәслихатының 2023 жылғы 3 қарашадағы № 8/71 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 12/110 шешімі

Балқаш қалалық мәслихатының 2023 жылғы 3 қарашадағы № 8/71 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 12/110 шешімі

 

Балқаш қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Балқаш қалалық мәслихатының «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 3 қарашадағы № 8/71 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6512-09 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

2-тараудың 6-тармағы 8) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

«8) 25 қазан - Республика күні мерекесіне:

бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға 20 000 теңге мөлшерінде;»;

2-тараудың 7-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«7. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілейтін санаторий-курорттық емдеу құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдендірілген соманың жетпіс пайызынан аспайтын - қоса алып жүретін адаммен бірлесіп, әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына, санаторий-курорттық емделуге абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторий-курорттық емделуге жолдамамен қамтамасыз етілген бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға.».

2-тараудың 8-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«8. Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіз болып табылады:

1) дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілсе, осы жағдай туындаған сәттен бастап үш ай ішінде, азаматтың (отбасының) табысына қарамастан, әлеуметтік көмек 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бір рет көрсетіледі;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.