«Шетелде болған кезеңде Қазақстан Республикасының аумағына кіруге құқық беретін құжаттарын жоғалтқан Қазақстан Республикасының азаматтарын өткізу пункттерінде ұстау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2013 жылғы 30 қазандағы № 503 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2026 жылғы 1 қыркүйектегі № 109/қе бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Шетелде болған кезеңде Қазақстан Республикасының аумағына кіруге құқық беретін құжаттарын жоғалтқан Қазақстан Республикасының азаматтарын өткізу пункттерінде ұстау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2013 жылғы 30 қазандағы № 503 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8939 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шетелде болған кезеңде Қазақстан Республикасының аумағына кіруге құқық беретін құжаттарын жоғалтқан Қазақстан Республикасының азаматтарын өткізу пункттерінде ұстау қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 35-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: