«Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 171 бұйрығына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 815 бұйрығы

«Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 171 бұйрығына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 815 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 171 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16376 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру қағидаларында:

мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

«3-1. Жеке сот орындаушыларының қызметіне бақылау «Атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі» ақпараттық жүйесі және атқарушылық iс жүргiзу материалдары арқылы жүзеге асырылады.»;

17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«17. Тиісті әділет органының уәкілетті тұлғасының бұйрығымен жоспардан тыс бақылау жүргізу үшін аумақтық органның қызметкері (лері) қажет болған жағдайда уәкілетті органның қызметкері (лерінің) қатысуымен тағайындалады.

Республикалық немесе өңірлік жеке сот орындаушылары палатасының уәкілетті тұлғасының бұйрығымен жоспардан тыс бақылау жүргізу үшін жеке сот орындаушылары палатасының қызметкері (лері) тағайындалады.»;

20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«20. Қорытынды кіріспе, сипаттама-уәждеме және қорытынды бөліктерінен тұрады.

Қорытындының кіріспе бөлігінде бақылаудың түрі туралы мәліметтер, бақылауды жүзеге асырған адамның және бақылауға жататын жеке сот орындаушысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), бақылауды жүргізу мерзімі, жеке сот орындаушысының бақылауды тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі және күні көрсетіледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.