«Мемлекеттік мәдениет ұйымдарының азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізудің қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 189 бұйрығы (2018.15.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Мемлекеттік мәдениет ұйымдарының азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізудің қағидалары мен шарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 189 бұйрығы

(2018.15.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабы 7-тармағына және «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мәдениет ұйымдарының азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізудің қағидалары бекітілсін.

2. Мыналардың:

1) «Мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерін аттестаттау ережелерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 110 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4633 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, 2007 жыл, наурыз - сәуір);

2) «Мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерін аттестаттау ережелерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат Министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 110 бұйрығына толықтыру енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2007 жылғы 23 шілдедегі № 195 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4874 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, 2007 жыл, маусым - тамыз);

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.