«Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 754 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 22 қазандағы № 945 Қаулысы

«Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 754 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 22 қазандағы № 945 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 754 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақта:

7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«7) Мемлекеттік гранттар беру қағидалары;»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Субсидиялау қағидалары осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген Кепілдік беру қорлары шеңберінде кепілдік беру қағидаларында:

5-тармақта:

12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«12) кепілдік беру - кәсіпкердің кепілдік сомасы шегінде кепілдік міндеттемесінен туындайтын кредиттік шарт/қаржы лизингі шарты/шартты міндеттеме/форвардтық шарт/облигациялар/опциондық келісім бойынша негізгі қарыздың бір бөлігін төлеу жөніндегі міндеттемелерін және өзге де міндеттемелерін орындауы үшін қаржы агенттігінің кредиторлар алдында кепілдік беруі;»;

16-1) тармақша алып тасталсын;

21-1) тармақша алып тасталсын;

36-1) және 36-2) тармақшалар алып тасталсын;

38) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«38) үлестес/байланысты тұлғалар - «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабына, «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ қаржы агенттігі кредитормен жасасқан келісімде айқындалған өлшемшарттарға сәйкес келетін өзге де тұлғалар;»;

40-1) тармақша алып тасталсын;

7-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.