«Мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік мекемені қоспағанда, мемлекеттік мекеменің үлгі жарғысын (жалпы ережесін) және Мемлекеттік кәсіпорынның үлгі жарғысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 1202 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2021 жылғы 20 тамыздағы № 727 бұйрығы

«Мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік мекемені қоспағанда, мемлекеттік мекеменің үлгі жарғысын (жалпы ережесін) және Мемлекеттік кәсіпорынның үлгі жарғысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 1202 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2021 жылғы 20 тамыздағы № 727 бұйрығы

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 70-бабының 1-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 14-бабының 11)-тармақшасына, 139-бабының 5-тармағына, 145-бабының 2-тармағына, 153-бабына және 161-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік мекемені қоспағанда, мемлекеттік мекеменің үлгі жарғысын (жалпы ережесін) және Мемлекеттік кәсіпорынның үлгі жарғысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 1202 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 15813 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

Осы бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік мекемені қоспағанда, мемлекеттік мекеменің үлгі жарғысында (ережесінде):

26-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен мемлекеттік мекемеге кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 161-бабының 2-тармағында көзделген салаларында мемлекеттік мекемелер өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны қоспағанда, мұндай қызметтен алынған ақша тиісті бюджеттің есебіне жатқызылады.»;

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорынның үлгі жарғысында:

17-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«17. Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган (республикалық мемлекеттік кәсіпорындар үшін):

1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша Кәсіпорынның құрылтайшысы болады;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.