«Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 56 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 27 қыркүйектегі № 582 бұйрығы (күші жойылды)

 «Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 56 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 27 қыркүйектегі № 582 бұйрығы

 

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 56 бұйрығына («Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 26 наурызда жарияланған, Нормативтiк-құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізбесінде № 10367 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақта:

3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Аттестаттауға жатқызылған қызметкердің Қазақстан Республикасы заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өткізудің қағидалары мен шарттары, кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтер, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің лауазымдардың санаттары үшін шекті мәндер;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органдары экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлеріне көтермелеуді қолдану қағидасы;»;

5) тармақша алып тасталсын;

9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы, сондай-ақ оларды беру қағидасы.»;

10) тармақша алып тасталсын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.