«Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 56 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 27 қыркүйектегі № 582 бұйрығы
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 56 бұйрығына («Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 26 наурызда жарияланған, Нормативтiк-құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізбесінде № 10367 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақта:
3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Аттестаттауға жатқызылған қызметкердің Қазақстан Республикасы заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өткізудің қағидалары мен шарттары, кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтер, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің лауазымдардың санаттары үшін шекті мәндер;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органдары экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлеріне көтермелеуді қолдану қағидасы;»;
5) тармақша алып тасталсын;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы, сондай-ақ оларды беру қағидасы.»;
10) тармақша алып тасталсын;