Мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 2 маусымдағы № 199 бұйрығы
(2023.22.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2025 жылғы 29 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 12-бабы 5) тармақшасының жиырма алтыншы абзацына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау әдістемесі бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) «Мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2022 жылғы 20 қаңтардағы № 20 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26601 болып тіркелген);