«Бюджеттік жоспарлаудың қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 208 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 18 маусымдағы № 412 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бюджеттік жоспарлаудың қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 208 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36034 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік жоспарлаудың қағидаларында:
2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) халық қатысатын бюджет - Қазақстан Республикасы азаматтарының жергілікті бюджет қаражатын бөлуге қатысуы;»;
4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жергілікті бюджет шығыстарын жоспарлау астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму параметрлері, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың даму жоспарлары, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің болжамды шоғырландырылған есептілігі, заттай нормалар, ең төмен әлеуметтік стандарттар, инженерлік-коммуникациялық, көліктік және өзге де инфрақұрылым стандарттары, елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар жүйесі негізінде шығыстарды шолу, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, мониторингтеу және нәтижелерді бағалау қорытындылары ескеріле отырып жүзеге асырылады.»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мемлекеттік органдардың, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың даму жоспарлары немесе даму жоспарларының жобалары;»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепке Жоғары аудиторлық палатаның (жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есепке астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың ревизиялық комиссиясының) қорытындылары мен ұсынымдары;»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: