«2023-2024 жылдарға арналған Сарыбел ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 9-11/VIII шешімі

2023-2024 жылдарға арналған Сарыбел ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 9-11/VIII шешімі

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңының 8, 13 баптарына сәйкес, Самар ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

1. 2023-2024 жылдарға арналған Сарыбел ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін:

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Самар ауданы мәслихатының

2023 жылғы 28 желтоқсандағы

№ 9-11/VIII шешіміне

қосымша

 

 

Сарыбел ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі

2023-2024 жылдарға арналған жоспары

 

Сарыбел ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2023-2024 жылдарға арналған жоспар (бұдан әрі- Жоспар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 «Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 15090 тіркелген), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 «Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11064 тіркелген) сәйкес әзірленеді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.