«Энергия тиімділігі қорының тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 22 қазандағы № 999 бұйрығы

Энергия тиімділігі қорының тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 22 қазандағы № 999 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында мақұлданған (2015 жылғы 6 мамырдағы № 20 хаттама) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылға арналған бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарының 59-тармағын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

1. Энергия тиімділігі қорының тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі - Жұмыс тобы) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.

2. Жұмыс тобы 2015 жылғы 25 желтоқсанға дейінгі мерзімде Энергия тиімділігі қорының тұжырымдамасын әзірлесін және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің басшылығына ұсынсын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және таратуға жатады.

 

 

Министр

Ә. Исекешев

 

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және

даму министрінің

2015 жылғы 22 қазандағы

№ 999 бұйрығына қосымша

 


Энергия тиімділігі қорының тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі
жұмыс тобының құрамы

 

Pay

Альберт Павлович

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі, жұмыс тобының төрағасы;

 

Нұрашев

Тимур Бекболатұлы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары, жұмыс тобы төрағасының орынбасары;

 

Дәуітбаева

Еңлік Маратқызы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру басқармасының сарапшысы;

 

Уәлиханов

Олжас Ғабиденұлы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті директорының орынбасары (келісім бойынша);

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.