«Атом энергиясы саласындағы тәуекелдік дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 5 тамыздағы № 513 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 608 бірлескен бұйрығы (күші жойылды)

Атом энергиясы саласындағы тәуекелдік дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 5 тамыздағы № 513 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 608 бірлескен бұйрығы

 

ҚР Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 747 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 811 бірлескен бұйрығымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 13-бабының 3-тармағына, 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес атом энергиясы саласындағы субъектілердің тәуекелдік дәрежесін бағалау критерийлері;

2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес атом энергиясы саласындағы мемлекеттік қадағалау саласындағы тексеру парағының нысаны бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бірлескен бұйрықтың көшірмелерін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бірлескен бұйрықтың көшірмелерін оны алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына жіберуді;

4) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-проталында орналастыруды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.