«Қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 762 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 122 бұйрығы (күші жойылды)

 «Қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 762 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 122 бұйрығы

 

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 2 қарашадағы № 448 бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 762 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12753 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 қаңтарда«Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

осы бұйрықпен бекітілген Қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру үшін төлемақыны есептеу әдістемесінде:

3, 4 және 6-тармақтар алып тасталсын;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Өндірілетін (импортталатын) өнімнің (тауарлардың) әрбір түрі үшін Қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру үшін төлемақыны есептеу(Сөнім) мынадай формула бойынша жүргізіледі:

 

 

мұнда:

Сөнім - өндірушілердің (импорттаушылардың) төлеуіне жататын өндірілетін (импортталатын) өнімнің (тауарлардың) әрбір түрінің қалдықтарын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру үшін төлемақы;

m - өндірілетін (импортталатын) өнім (тауарлар) массасы (тоннамен);

CАЕК - бір айлық есептік көрсеткіштің сомасы;

k - осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес айқындалатын коэффициент.»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.