Теңіз көлігі, теңіз оқу-тренажер орталықтары мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын куәландыру жөніндегі уәкілетті ұйымды айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 861 бұйрығы
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 3-тармағы 55-8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ресей теңіз кеме қатынасы тіркелімі» федералды автономиялық мекемесі теңiз көлiгi, теңіз оқу-тренажер орталықтары мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын бiлiм беру ұйымдарын куәландыру жөнiндегi уәкiлеттi ұйым болып айқындалсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;