«Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатын пайдалануы туралы ақпарат беру қағидалары мен нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 20 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 18 маусымдағы № 79 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатын пайдалануы туралы ақпарат беру қағидалары мен нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 20 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 56-бабы 4-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатын пайдалануы туралы ақпарат беру қағидалары мен нысандарында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатын пайдалануы туралы ақпарат беру қағидалары мен нысандары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 56-бабы 4-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатын пайдалануы туралы ақпарат беру тәртібін айқындайды.»;
7Қағидаларға қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.