«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 11 мамырдағы № 443 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 2 шілдедегі № 339 бұйрығымен күшi жойылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 82-бабы 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:
167-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«167. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу жағдайларын қоспағанда, міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарының шегінде бір бюджеттік бағдарлама аясында шарт жасасады.
Мемлекеттік мекеме ақша алушының біреуімен бюджеттік кіші бағдарламалардың немесе шығыстардың экономикалық сыныптамасының бірнеше ерекшеліктері бойынша шарт жасасқан кезде шартта жалпы соманы әрбір бюджеттік кіші бағдарлама немесе шығыстардың бюджеттік сыныптамасының әрбір коды бойынша бөле отырып көрсетеді.
Жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен іске асырылатын шартты жасасу кезінде мемлекеттік мекеме заңнамада белгіленген мөлшерде жергілікті бюджеттен қоса қаржыландырудың жыл сайынғы сомалары бар бюджеттік кіші бағдарламаларды міндетті түрде көрсетуді қамтамасыз етеді.»;
188-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: