«Алматы қаласы аумақтарының функционалдық аймақтарында құрылыс салудың қалақұрылыстық регламенттерін жүзеге асыру жоспарын бекіту туралы» ІІІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2006 жылғы 20 қарашадағы XXVІ сессиясының № 284 шешіміне толықтыру енгізу туралы
Алматы қаласы мәслихатының V сайланған LI сессиясының 2016 жылғы 11 наурыздағы № 417 шешімі
VIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XXVII сессиясының 2025 жылғы 11 ақпандағы № 200 шешiмiмен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 желтоқсандағы № 1330 қаулысымен бекітілген Алматы қаласының Бас жоспарына және Алматы қаласы әкімінің ұсынуына сәйкес, қалалық ортаны кешенді көріктендіру және эстетикалық ұйымдастыру және экологиялық қолайлы, қауіпсіз және әлеуметтік ыңғайлы тіршілік ортасын құру мақсатында, V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. ІІІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXVI сессиясының 2006 жылғы 20 қарашадағы № 284 «Алматы қаласы аумақтарының функционалдық аймақтарында құрылыс салудың қалақұрылыстық регламенттерін іске асыру жоспарын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 720 тіркелген, 2006 жылғы 21 желтоқсандағы «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газетінде жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін: