«Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану бойынша талаптардың бұзылуы салдарынан келтірілген залалдың мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының 2026 жылғы 5 қазандағы № 102-н/қ бұйрығы

Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану бойынша талаптардың бұзылуы салдарынан келтірілген залалдың мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының 2026 жылғы 5 қазандағы № 102-н/қ бұйрығы

 

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 174-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану бойынша талаптардың бұзылуы салдарынан келтірілген залалдың мөлшерін белгілеу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атом өнеркәсібі және жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 3 мамырдан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

 

 

Қазақстан Республикасының

Атом энергиясы жөніндегі

агенттігінің төрағасы

 

 

А. Саткалиев

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрлігі

 

Қазақстан Республикасының

Атом энергиясы жөніндегі

агенттігінің төрағасы

2026 жылғы 5 қазандағы

№ 102-н/қ бұйрықпен

бекітілген

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.