«Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 322 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 31 мамырдағы № 184 бұйрығы

 «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 322 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 31 мамырдағы № 184 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 322 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33364 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру қағидаларында:

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. АӨК саласындағы жобаларға кредит беру мақсатында кредитор, бюджеттік бағдарлама әкімшісі және қарыз алушы арасында жасалатын кредиттік шарт негізінде жергілікті атқарушы органға қайтарымдылық, қамтамасыз етілу, мерзімділік және ақылылық қағидаттарымен республикалық бюджеттен бюджеттік кредит мынадай шарттармен беріледі:

1) 0,01 (нөл бүтін жүзден бір) пайыз жылдық сыйақы мөлшерлемесімен 10 (он) жылға;

2) бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты - АӨК саласындағы жаңа жобаларды құруға немесе қолданыстағыларды кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру:

тауарлық сүт фермаларын (қуаты 400 бастан бастап);

етті бағыттағы құс фабрикаларын (жылына 5000 тонна құс етінен бастап);

етті бағыттағы мал шаруашылығы кәсіпорындарын (5000 бастан бастап);

көкөніс сақтау қоймаларын (1000 тоннадан бастап);

жеміс сақтау қоймаларын (1000 тоннадан бастап);

өнеркәсіптік жылыжай шаруашылығын;

ауыл шаруашылығы өнімдерін, оның ішінде жүн мен теріні терең өңдеу кәсіпорындарын;

қуаттылығы жылына 25 тоннадан бастап тауарлық балық болатын балық және басқа да су жануарларын өсіретін балық өсіру шаруашылықтарын;

өндірістік қуаттылығы тәулігіне 1 тоннадан басталатын балықты аршып, тазалайтын, одан әрі тереңдете өңдейтін және сақтайтын балық өңдеу кәсіпорындарын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.